freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сүйінші, ағайын!" – Еліміздің бас педагогы ұстаздар асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)

Білім-ғылым
"Сүйінші, ағайын!" – Еліміздің бас педагогы ұстаздар асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ғылыми жобалармен айналысатын оқушылар мен оларды дайындайтын педагогтерге қатысты жағымды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ғылыми жоба жарыстарында жүлделі орын алған оқушылар мен олардың жетекшілерін бір реттік сыйақымен марапаттауды тапсырған. Осы тапсырма аясында тиісті бұйрық өткен аптада бекітілген.

"Сіздермен сүйінші жаңалықпен бөліскім келеді. Баршаңызға белгілі биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Халықаралық ғылыми жоба жарыстарында "І", "ІІ", "ІІІ" орын иеленген оқушыларға және оларды дайындаған білікті ұстаздарымызға бір реттік сыйақы тағайындау туралы тапсырма берген. Өткен аптада осы тапсырманы орындау аясында бұйрық бекітілген болатын. Биылдан бастап, Халықаралық ғылыми жоба жарыстарында "І", "ІІ", "ІІІ" орын алған балаларымыз 2 миллионнан 6 миллионға дейін бір реттік сыйақымен марапатталатын болады. Оларды дайындаған юілікті ұстаздарымызға да өзінің базалық айлығынан 18,5 есе, 8,5 есе еселенген көлемінде бір реттік сыйақы тағайындалады", – деді министр.

Бұған дейін Астанада 9-11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндерінен өткен республикалық «Дарын» олимпиадасының жеңімпаздарына айрықша құрмет көрсетілді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жүлдегер атанған барлық оқушының дипломына жеке өзі қол қойған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнежазбада мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мұндай шешім қабылдауына өзінің оқушылық шағындағы тәжірибесі себеп болған. Ол да кезінде пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болғанын атап өтті.

"Мен де мектеп кезінде олимпиадаларға қатыстым. Сондықтан бүгінгі жеңімпаздардың еңбегін ерекше бағалап, дипломдарына өз қолымды қоюды жөн санадым", – деді министр.

Сонымен қатар Жұлдыз Сүлейменова тек жеңімпаздарды ғана емес, жүлде ала алмаған оқушыларды да жігерлендірді. Оның айтуынша, әрбір тәжірибе болашақ табыстың негізі болмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу