Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Реформа тоқтатылды": Сүйінші! Еліміздің бас педагогы мұғалімдер үшін қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)

Білім-ғылым
"Реформа тоқтатылды": Сүйінші! Еліміздің бас педагогы мұғалімдер үшін қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
parlam.kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп бағдарламасына қатысты маңызды шешім қабылданғанын хабарлады. Оның айтуынша, бірқатар пәндерді біріктіруді көздеген реформа тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін физика, химия және биологияны "Жаратылыстану ғылымдары" курсына, алгебра мен геометрияны "Математика" пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін "Әлеуметтік ғылымдар" курсына біріктіру жоспарланған еді. Алайда министрлік бұл бастамадан бас тартты.

"Физика, химия және биология пәндерін "Жаратылыстану ғылымдары" курсына, алгебра мен геометрияны "Математика" пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін "Әлеуметтік ғылымдар" курсына біріктіру жоспарланған еді. Алайда бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдар жеке-жеке оқытылуы тиіс деп есептейміз. Бұл шешім мұғалімдерге түсетін оқу жүктемесіне де тікелей байланысты. Осыған орай мәселе педагогика қауымдастығымен талқыланып, қосымша талдау жасалды. Апробация жүргізілгенімен, барлық пән бұрынғыдай жеке оқытылады, пәндерді біріктірілмейді", – деді Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу