freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тимур Құлыбаев пен серіктестері Астана халықаралық қаржы орталығында жаңа компания тіркеді

Оқиға
Тимур Құлыбаев пен серіктестері Астана халықаралық қаржы орталығында жаңа компания тіркеді
KAZENERGY

Астана халықаралық қаржы орталығында Farabi Development Limited атты жаңа компания тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz finmentorkz телеграм арнасына сілтеп.  

Компания акционерлері қатарында Тимур Құлыбаев және ADD Office ЖШС бар.

ADD Office құрылтайшылары үш компаниядан тұрады:

Біріншісі — ADD Invest Properties ЖШС. Құрылтайшысы — Айдан Сүлейменова. Компанияның KeruenCity, Talan Gallery және Keruen сауда ойын-сауық орталықтарында үлесі бар.

Екіншісі — Head Company ЖШС. Құрылтайшылары — Нұржан Сартбаев және Бауыржан Тойбазаров. Олар Qazaq Oil жанармай құю станциялары желісінің, Qazaq Energy Charge электр зарядтау станцияларының және «PTC Holding» ірі логистикалық компаниясының акционерлері қатарында.

Үшіншісі — AAB Foundation ЖШС. Құрылтайшысы — Меруерт Иманғалиева. Ол «PTC Holding» компаниясының төрағасы Бекмұрат Найзабековтің жұбайы.

Осылайша, жаңа компанияның құрамына сауда, энергетика және логистика салаларында жұмыс істейтін ірі бизнес өкілдері енген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу