freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құлсары қаласын қарғын су басты

Қоғам •
Құлсары қаласын қарғын су басты

Атырау облысындағы Құлсары қаласына қарғын су басты, деп хабарлайды Malim.kz Жылыой ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жем өзені таси бастады. Төтенше жағдайлар штабы Құлсарының 2 және 3 елді-мекендерін қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер мен балалар, ауру және мүгедектігі бар азаматтар көшіріледі, - деді әкімдік өкілдері.

Тұрғындарды қабылдау үшін 7 мектепте арнайы эвакуациялық  пункттер ашылған. Халыққа тек өзімен құжаттары мен ең қажетті заттарды алу қажеттігі айтылған. 

ТЖМ соңғы дерегі бойынша, дәл осы уақытта қаладан 130 адам эвакуацияланған. Оның 84 бала. 1-сәуірден бастап өзен жағасына 41 996 қап құмнан кедергі жасалған. Құтқару жұмыстарына ТЖМ және Қорғаныс министрлігінен 342, жергілікті тұрғындар мен волонтерлардан 4 мың 540 адам жұмылдырылған. Су қатерінен қорғану үшін 142 техника да жұмыс істеп жатыр. 

Фото: kazpravda.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу