Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қымбат сағаттар, көлік пен кортеж: Қызылорда облысының әкімі тағы да сынға ұшырады

Қоғам
Қымбат сағаттар, көлік пен кортеж: Қызылорда облысының әкімі тағы да сынға ұшырады

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қымбат заттарға құмарлығымен тағы да жұртшылықтың назарына ілікті. Бұл жолы аймақ басшысы Шиелі ауылына құны 41 миллион теңгеден басталатын Chevrolet Tahoe жол талғамайтын көлігімен келді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Әкіммен бірге шенеуніктердің кортежі де болды, олардың арасында қымбат Maybach көлігі көзге түсті. Журналист, «Обожаю» жобасының авторы Асхат Ниязов бұған назар аударып, әлеуметтік желіде өз пікірімен бөлісті:

«Нәлібаев, әрине, көліктің есігін өзі ашпайды. Бұны қойшы. Ол келгенде бюджет қызметкерлері шапқылап жүретініне үйреніп қалдық. Тағы бір сұрағым бар: 45 миллион теңге тұратын Chevrolet Tahoe әкімдікке тиесілі ме? Шенеуніктердің айтуынша, оны демеушілер берген. Ал Maybach көлігі мүлде әкімдікі емес екен» - деп жазды ол.

Фото: primeminister.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу