freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қызымның жағдайы нашарлады»: ШҚО-да полицейлер отбасыға шұғыл көмек көрсетті

Қоғам
«Қызымның жағдайы нашарлады»: ШҚО-да полицейлер отбасыға шұғыл көмек көрсетті
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары тасжолының 63-шақырымында полиция экипажына жергілікті тұрғын жүгінген. Оның кәмелетке толмаған қызының денсаулығы күрт нашарлап, іші қатты ауырған. Қызға шұғыл медициналық көмек қажет болған.

Патрульдік полицейлер Серік Қыдырбеков пен Ахметуали Ақанов әйелдің көлігін Өскеменге дейін жедел алып жүруді ұйымдастырды.

Осының арқасында қыз уақыт жоғалтпай Ана мен бала орталығына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алды.

Қыздың анасы полицейлерге қиын сәтте көрсеткен жедел көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу