Әкеме операға шақырту апарғанда дүниеден өтті - Майра Мұхамедқызы

Опера әншісі әкесі дүниеден өткен күні сахнада өнер көрсеткенін де жасырмады

Сабина Асқарқызы

  • 28.04.2025

Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы «Алғашқы» жобасына берген сұхбатында әкесінің дүниеден өткен кезін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әкем «Мына ағайын бауырларыңа ие бол. Қазақстанға сен деп келді» деп өсиет айтатын. Ол жақта да жақсы өмір сүрдік. Бірақ отанына деген сағынышты өзі де айтатын. Мынау сары даланың бір жерінен, Алатаудан жер бұйырса, арманым жоқ деп. Екеуі қатар жатыр сол таудың басында. Армандарына жетті, - дейді өнер иесі.

Опера әншісі әкесі дүниеден өткен күні сахнада өнер көрсеткенін де жасырмады.

Абай атындағы опера және балет театрында 20 жыл жұмыс істедім. Сол театрдың 80 жылдық мерейтойы болған кезде фестиваль өткізетін болдық. Шетелден қонақтар шақырылды. Сөйтіп кешкісін ата-анама шақыру алып бардым. Сонда әкем «балам, бері келші, мен кетіп қалатын сияқтымын» деді. Мен «Қайда, Қытайға барасыз ба?» деппін. Әкем сап-сау болатын. Сонда «Ата-анам келіп тұр, есіктің алдында тұр» дейді. Сол әңгімеден кейін таңғы 5-те жүріп кетті. Сол күні көзімнің жасын сығып-сығып, операмды айттым. Бұл өмірімдегі ең қиын кез болды, операны қалай айтып шыққанымды білмеймін, - дейді Майра Мұхамедқызы.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті

27.04.2025

Димаш Құдайбергеннің командасы халыққа ескерту жасады

25.04.2025

“Іш пысты”: Алтынай Жорабаева Грузияда тойдың қалай өтетінін айтты

24.04.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

«Тағдырым қай жерден ұрмақ»: Алмас Кішкенбаев көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды

24.04.2025

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Торғайға гастрольдік сапармен барды

24.04.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті

Димаш Құдайбергеннің командасы халыққа ескерту жасады

Әншінің атынан жалған ақпарат таралған

“Іш пысты”: Алтынай Жорабаева Грузияда тойдың қалай өтетінін айтты

Өнер иесін тойға арнайы шақырған

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

«Тағдырым қай жерден ұрмақ»: Алмас Кішкенбаев көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды

Ән «Қымбат» деп аталады.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Торғайға гастрольдік сапармен барды

Бұл туралы Мөлдір Мұқанова жазды