457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сәкен Майғазиев: Ұлымның тойында қалыңмалға 5 млн теңге бергенім – қалыпты жағдай

Әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында келінінің қалыңмалына не үшін 5 млн теңге бергенін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі бірінші рет той жасап отырғаннан кейін көп нәрседен хабары жоқ екенін жасырмады.

«Балам анасы екеуі Ақтауға бір-екі күн бұрын ұшып кеткен. Сол кезде «Конвертке салып, 5 млн теңге ала келіңіз» деді. Басқа ешнәрседен хабарым жоқ. Өз басым қалыпты жағдай шығар деп қабылдадым. Ана сүті, өлі-тірісі деп жатады, конверттерінің сыртында сондай жазуы болады екен. Бұрын-соңды ондай жағдайға аса араласпағаннан кейін хабардар емес екенмін. Меніңше, біреуден асырып немесе аз берейін деп, бақталастықпен жасаған ешнәрсеміз жоқ. Меніңше, егер 5 млн теңгені қымбатсынып жатқан болса, одан аз берсем, жарымай не болды деп айтар еді. Одан көп берсем, әрине, олар солай жасайды деп тағы айтады. Ондай әңгіменің болары хақ. Айтатын адам да табылады. Оған қуана білу керек. Осы сәтте айтарым, бізге де 5 млн теңге қалыңмал келсін деп тілеймін», - деді Сәкен Майғазиев.

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev