«Тыңдайтын ән қалған жоқ». Ұлықпан Жолдасов жас әншілерді сынға алды

Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов қазіргі жас әншілерге көңілі толмайтынын айтты. Ол әннің сөзіне мән бермейтіндерге ренішін білдірді, – деп жазады Malim.kz.
Ұлықпан Жолдасов жас әнші Садраддин Болат орындап жүрген әнді мысалға алды.
Жүйке шыдамайды. Тыңдап отырған құлаққабымды лақтырып жіберемін. «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге, анам мені күтеді асүйде» дейді. Не әңгіме мынау? Не деген ән, не деген сөздер... Тіпті, біреулер боқтап жатыр. Солай атымды шығарамын деп ойлайды. Әнді де, басқаны да сайқымазақ етті. Тыңдайтын ән қалған жоқ. Кейбір әндер бар. Өте жақсы, күшті. Бірақ жақтарын шайнап айтады, – дейді Ұлықпан Жолдасов.
Фото: youtube.com

Ең көп оқылған
