«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

Сабина Асқарқызы

  • 16.04.2025

Халық қалаулысы Дәулет Мұқаев колледж оқытушыларына «Алатау серілері» тобының концертіне күштеп билет сатқызу фактісі туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған.

Колледж оқытушысы болып жұмыс істеймін. Бізге қинап билет алғызып жатыр. 5000 теңгені оқытушылар мен студенттерден қолма-қол жинап жүр. Қайда жүгінсек болады. Үнемі осылай ақша жинатады», – деп жазған оқырманы. 

Депутаттың сөзінше, бір күнде бірнеше оқырманынан осындай хат алған. 

Осы мазмұндағы хаттар жиі келіп жатады. Мұғалімдерді концертке билет алуға мәжбүрлеу – заңсыз! Білім саласының қызметкерлерінен, атап айтқанда колледж, мектеп мұғалімдерінен “Алатау серілерінің” концертіне 5000 теңгеден билет алуды талап етіп жатыр деген бірнеше хат келді. Бұл – өрескел заңбұзушылық. Республика сарайына адам толмай жатса, мұғалімдердің не жазығы бар?! Шағын сахналар да концерт беруге болады. Көресіздер, мына посттан кейін мәжбүрлі билет алдыруға қатысты білім бөлімі де, “Алатау серілерінің” жігіттері де ештеңе білмей шығады», – деді мәжілісмен. 

1 мамыр күні Республика сарайында «Алатау серілері» тобының жеке концерті өтеді. Депутат оқырманның хатымен бөлісіп, бұл мәселені жеке парақшасында жариялады.

Біз де әлеуметтік желіден оқыдық. Мәжбүрлеп билет сатуға ешқандай қатысымыз жоқ. Ұйымдастырушылардан колледж бастығы 100 билет алған. “Біз сіздерге көмектесейік, сатып берейік” депті. Негізі билет бағасы – 3 мың теңгеден басталып, 20 мыңға дейін жетеді. Қазір осы шудан кейін 100 билетті қайтарып алдық. Сатып алғандардың ақшасы түгел қайтарылады. Концерт алдында мынадай жанжал қажет емес. Топ мүшелері немесе продюсері билет алуға ешкімді мәжбүрлемеген, – деп жауап берді ресми өкілі.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025

«Онсыз да минимализмін көрсетіп жүрмін»: Алтынай Жорабаева күйеуінен алған сыйлығын айтып мақтанды

14.04.2025
MalimBlocks
«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.

«Онсыз да минимализмін көрсетіп жүрмін»: Алтынай Жорабаева күйеуінен алған сыйлығын айтып мақтанды

Өнер иесінің күйеуі басқа қалада жүрсе де сыйлығын беріп жіберген.