«Америка мен Англияға шақырды»: Нұржан Қалжан өнердегі өкінішін айтты

Әншіні Майкл Джексонның продюсері жұмысқа шақырған.

Сабина Асқарқызы

  • 31.05.2024

Танымал әнші Нұржан Қалжан шетелден бірнеше рет шақырту алғанын, бірақ тәуекел етіп, шешім қабылдамағанына өкінетінін айтты. Әншіні көруге АҚШ-тан Майкл Джексонның алғашқы продюсері келген, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнерге эстрада емес, дәстүрлі әнші болып қадам бастым. Марқұм композитор Арман Дүйсенов ағамыз бірден бір септігін тигізді. Түркістанда, Алматыда байқауларға қатысып, жеңгеннен кейін Қытайға бардым, ол жақтан да жеңіспен қайттым. Қытайдан келгеннен кейін АҚШ-тан Майкл Джексонның алғашқы продюсері келді. Олар мені Америкаға жұмысқа шақырды, «2 жыл тіл үйренесің, кейін ән жазып, шығарамыз, әндерің хит болып, әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналасың» деді. Мен ол уақытта Қыдырәлі Болманов ағамызбен жұмыс істеп жүрген едім. Шыны керек, ол кезде бір ауыз орысша білмейтін ауылдан келген бала болдық. Содан «орысшаны өзім білмеймін, ағылшыншаны мүлдем білмеймін, ол жаққа барып қалай ән айтамын? Қалай болады?» дедім де, «білмеймін, көрейін» дедім. Содан 2 жылдан кейін Қыдырәлі ағаның продюсерлігінен кеттім, - дейді әнші.

Өнер иесінің продюсерсіз жүргенін естіп, АҚШ-қа шақырған кісілер қайта хабарласқан. Алайда әнші екінші шақыртудан да бас тартқан.

Әлі күнге дейін сол шешіміме өкінемін, "құрып кетсем де, баруым керек еді" деп ойлаймын, өзегімді өртейтін осы өкініш бар, – деді әнші. 

Әнші «Бұлбұл құс» әнімен танымал болғаннан кейін Ұлыбританиядағы қазақстандықтар да әншіге ұсынысын айтқан.

Олар «осы ән Ұлыбританияда жақсы тарап жатыр, осы әнді енді ағылшынша жазсақ, бүкіл әлемге танылады, миллионер боласың» деді. Тура сол уақытта өмірімде қиындық көбейіп, ол да кейінге қалды, – деді әнші.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025
MalimBlocks
АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен