Трамп Уиткофф пен Путиннің кездесуін қалай бағалады?

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген кездесуін өте өнімді болды деп мәлімдеді, деп жазды ВВС.
Менің арнайы өкілім Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен өте өнімді кездесу өткізді. Айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді! - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салсақ, 6 тамыз күні Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффты қабылдады. Кездесу Кремльде өтті.
Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков журналистерге берген сұхбатында бұл кездесуде «украин дағдарысы» және Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің даму мүмкіндіктері жайлы пайдалы және конструктивті әңгіме болғанын айтты.
Фото: Anadolu Ajansı

Ең көп оқылған
