«Әнің өзіңе!». Ұланғасыр Қамиев ән авторымен келіспей қалды

Отандық танымал әнші Ұланғасыр Қамиев көпшілікке бұрыннан таныс ана туралы әнін не себепті орындамай кеткенін түсіндірді. Бұл туралы ол Jibek Joly телеарнасындағы «Бүгін.Live» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ұланғасырдың айтуынша, мәселе авторлық құқыққа қатысты келіспеушіліктен туған. Ән авторымен араздасып қалғаннан кейін, ол бұл әнді айтпау туралы шешім қабылдаған.
Ана туралы ән бар еді. Кейін концертте әннің авторын айтпай кеткенмін. Жазылып тұр ғой. Сол үшін ренжіген болу керек. Дөрекі сөз айтыпты деп естідім. Мен де «әнің өзіңе» деп, қайтарып бердім. Бетіне былш еткіздім. Содан кейін бұл әнді айтпай кеттім, – деді әнші.
«Жалғызым қазақ» әні қалай танымал болды?
Ұланғасыр Қамиев сұхбат барысында патриоттық әндерге қызығушылық төмендегенін де айтты. Оның айтуынша, өзі жазған «Жалғызым қазақ» әні алғашында ешкімнің назарын аудармаған.
Бұл ән үш жыл бұрын шықты. Бірақ бір жыл бойы мүлде тыңдалмай жатты. Халық TikTok-та тыңдай бастаған соң ғана кеңінен тарала бастады. Нақтырақ айтқанда, су тасқыны кезінде танымал болды, - деді ол.
Фото: instagram/ulangasyrqamiev

Ең көп оқылған
