457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақан Сатаевтың екінші әйелі қуанышты хабарын жеткізді

"Бақыт – тыныштықты сүйеді" дегенге сенемін", – деді ол.

"Томирис" фильмінен кейін танымал болған актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде екінші рет ана атануға дайындалып жүргенін хабарлап, ішін көрсеткен суреттерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Альмира Тұрсын желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. 

"12 жылдан кейін қайтадан ана атануға дайындалып жүрмін! Бұл мен үшін шексіз қуаныш пен үлкен бақыт. Осы керемет сыйы үшін Жаратқан иеме шексіз мадақ пен алғыс! Көпшіліктің қызығушылығын сезіп, бірден айтайын.  Көптен бері тұрмыстамын, үлкен отбасымыз бар.  Күйеуімнің, менің және біздің балаларымызбен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз! Ал қалғанын егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын. Себебі жеке өмірімді қадірлеймін және "бақыт – тыныштықты сүйеді" дегенге сенемін", – деп жазды актриса.

Фото: almiratursyn инстаграм парақшасынан