«Арманым жүзеге асқан жер»: Мөлдір Әуелбекова Алматыға ерекше жазба арнады

Өнер иесі бұл қала жаңа есіктер ашқанын жеткізді

Сабина Асқарқызы

  • 21.01.2025

Қазақстандық актриса әрі әнші Мөлдір Әуелбекова Алматы қаласына арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі оңтүстік астана өзіне көптеген мүмкіндік бергенін алға тартты.

Мен Алматыға 21 жыл бұрын, 18 жасымда келдім. Сол кезде бұл қала мен үшін алыстағы ала алмайтын қамалдай көрінетін. Жолым мен мүмкіндіктерім анық емес, армандарым алыста сияқты еді. Бірақ Алматы уақыт өте келе әрбір адамды құшақ жая қарсы алып, жаңа бастамалар мен биік асуларға жетелейтін есіктер ашатынын түсіндірді.

Қазір Алматыда өніп-өркендеп, керемет өмір сүріп жатырмын! Бұл қала менің армандарымды жүзеге асырып, мені үлкен жетістіктерге жетеледі. Алматы мен үшін тек қала емес, ол менің өмірімнің бір бөлігі, жүрегімнің терең түкпірінен орын алған арманымның жүзеге асқан жері.

Мені шын бақытқа бөлеген қала — Алматым! Сені шексіз сүйемін! деп жазды Әуелбекова.

 

 

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Байланысты жаналықтар

«Ауруың құтырады екен»: әнші Шаһизада денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты

07.02.2025

Айгүл Иманбаева үйіне неліктен полиция келгенін түсіндірді

06.02.2025

Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

05.02.2025

«Күзетші ұрысып тастады»: Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

04.02.2025

Роза Әлқожаның өкпесі қатты ауырып, денсаулығы сыр берген

04.02.2025

Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға қанша ақша жұмсағанын ашық айтты

04.02.2025
MalimBlocks
«Ауруың құтырады екен»: әнші Шаһизада денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты

Өнер иесі 10 жылдан бері бел-омыртқасының ауырып жүргеніне шағымданды. 

Айгүл Иманбаева үйіне неліктен полиция келгенін түсіндірді

Өнер иесі достарының басын қосқан.

Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

Қаскөй кінәсін толық мойындаған

«Күзетші ұрысып тастады»: Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

Оқиға Астанадағы танымал ойын-сауық орталығында болған.

Роза Әлқожаның өкпесі қатты ауырып, денсаулығы сыр берген

Әншінің оқырмандары оған тез сауығып кетуін тілеген

Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға қанша ақша жұмсағанын ашық айтты

Бұған дейін әнші ойынқұмарлыққа тәуелді болғанын мойындаған еді