«Денеме сиқыр жасалды»: Жігер Ауыпбаев күтпеген мәлімдеме жасады
Әнші сиқыр жасалғанын айтып берді

Әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі Анна Данченкоға берген сұхбатында өзіне сиқыр жасалғанын айтты.
3 жылдың ішінде басымнан көп нәрсе өтті. Қазір қалыпқа келдім. Тіпті достарыммен де араласа алмай, оқшауланып кеткен едім. Біраз уақыт ауырдым, ашығын айтқанда, менде сиқыр болды. Денеме белсіздікке жасалған сиқырлардан біраз нәрселер шығып кетті. Осы нәрселерден айыға алмай жүрдім. Сол мақсатта да Умраға жиі бардым, дем салдырдым. Ән дайын тұрады, бірақ шығара алмай, үйде жата бергім келді. Жұмыс бастайын десем, өнбейді. Сондықтан үзілістер болып қалды, – дейді ол.
Фото: әлеуметтік желі