457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz
Өнер иесі үйде жүріп суретке түсуге өзі сұранып, сол арқылы жанкүйерлеріне анасының аманатын жеткізгісі келгенін айтты.

Үйде жүріп, суретке түсуге өзім сұранатын сәттер өте сирек болады. Бірақ осы жолы сіздерге анашымның аманатын жеткізгім келеді, – деп жазды әнші.

Димаштың айтуынша, анасы бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге жүрекжарды алғысын білдіріп, олардың шексіз қолдауы мен жылы тілектеріне ерекше ризашылық танытқан. Сондай-ақ, әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдап, бақыт, денсаулық және бейбіт өмір тілеген.

Өнер иесінің әжесі Миуа Низамутдинованы ана деп атайтыны көпшілікке белгілі.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған тыңдарманы бар дарынды орындаушы ретінде халық ықыласына бөленіп келеді.