Досымжан Таңатаров: Жеке концертімде билеймін
Әнші 50 жасында ерекше концерт өткізбек

Жақында 50 жасқа толатын әнші Досымжан Таңатаров ерекше жеке шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі «1001 түн» студиясында сұхбат беріп, концертіне қатысты қызықты дерек айтты.
Кештің ерекшелігі ВИА-ның сүйемелдеуімен live форматта концерт өтеді. Концертімде бишілер болады. Соған икемделіп, өзімше әрекет жасап жатырмын. Әзірге биім керемет демеймін, десе де «дайындалсақ, шығатын сияқты» деп арқамнан қағып қойды. Дәстүрлі әнші болғандықтан орындайтын әндерімнің көбі халық әндері. Сол әндердің табиғатын бұзбай, заманауи үлгіде ұсынамыз, - дейді әнші.