Ерке Есмахан табыс табудың жаңа әдісін ойлап тапты

Енді ол өзі ойлап тапқан әшекейді сатылымға шығарды

Сабина Асқарқызы

  • 26.11.2024

Көпшілікке танымал әнші Ерке Есмахан ерекше әшекей ойлап тауып, оны сатылымға шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мен сызылтып салатын әндей әдемі, нәзік, мағыналы мойнымдағы «Ерке Сотуар»! Бүгін көптен бері айтып жүрген туындымды сіздерге таныстырамын! Ол - осы суретте көзге оттай басылып тұрған әшекей! Көздің жауын әдемілігімен алып тұр. Сұлулығымен қоса терең мазмұнды! Әр әйелдің бақытын құрайтын денсаулық, отбасы, сәби сүю, карьера, сұлулық және байлық - бәрі бірікті. Әдемі туынды дүниеге келді. Еркенің бренді сіздерге сәттілік алып келсін, бағы жұғысты болсын. Шын жүректен тіледім», - деп жазды әнші.

Әнші жаңа әшекейді ойлап табуға идеяны қайдан алғанын айтты.

«Негізі бұл туындымды жолдасым екеуміз тек өзіме деп ойластырып жүрдік. Қолыма білезік қылып таққым келді немесе сақина, сырға жасағым келді. Бірақ жүрек ұстағым кеп, сотуар еттім. Идея өзімдікі. Әр бөлшегі ақ ниетіммен жүзеге асты. Сосын уақыт өте ой келді: өз жеке басымды ғана ойламай, осы бұйымды неге әр қазақ қызына «жұғысты болсын» деп ұсынбасқа», - деді Ерке Есмахан.

Әншінің айтуынша, «Ерке Сотуар» - іші күміс, сырты алтын жалатылған бұйым. Әшекейдің құны – 50 мың теңге.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген