«Ешқандай қызымды бермеймін». Әнші Абай Бегейдің қызын алып қашып кеткен

Абай Бегей болашақ күйеу баласын сынақтан өткізбек болып, қызды бірден алып кеткен.

Сабина Асқарқызы

  • 15.08.2024

Танымал әнші Абай Бегейдің ортаншы қызын алып қашып кеткен. Бұл туралы әншінің жұбайы Фариза Жұманова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Абай Бегей болашақ күйеу баласын сынақтан өткізбек болып, қызды бірден алып кеткені белгілі болды.

"Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты… Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір ақ күн қалғанда, "үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті" деген хабар жетті… Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, Әкесінің талабын орындау болды", - деп мәлімдеді қыздың анасы. 

Абай Бегей жігіттің ата-анасын және өзін көрмей ешқандай қызын бермейтінін айтқан еді.

"Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің Ата-Анасы, ауыл үлкені келіп Әкемнің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкем де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойлана келе, "Келген ел - көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен" - деп, "қызымның таңдауын құрметтеймін! Алла маңдайына жазып тұрса, бағы болсын!" - деп ақ батасын берді", - деп жазды Фариза Жұманова. 

Осылайша әнші ақ батасын беріп, Табынай ауылы Бегей ауылымен құда болған.

Фото: instagram.com/symbatabaikyzy

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді