«Куәсіздер». Гүлзира Айдарбекова жұрт білмейтін құпияны ашты

Ол танымалдылықтың қажеттігі туралы айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 20.03.2025

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының отбасына қатысты жұрт білмейтін құпияны жария етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Продюсер немерелерінің есімін қоярда неге мән бергенін айтты.

«Алаудың есімін қоярда, әлі ешкім қоймаған есімді ойладым. Көз алдыма елестеткенім – жалындап тұрған алау болды, көрген адамның жүрегін қарып өтіп, есінде сақталатын энергиясы мықты, жалындап тұрған оттай болсыншы деп Алау деп есімін қойдым.

Ал Нарұл баламызды, ұлдың нары болсын, нар бала болсын, биік болсын деп Нарұл қойдым, дейді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер өз сөзінде қазіргі заманда танымалдылық ауадай қажет екенін ерекше атап өтті.

20 жылдан бері, тұла бойым тұңғышым, өздеріңіздің ақ Қайроштарыңызды сіздерге танылуына себепкер ана болғаныма куәсіздер. Мейлі ел адамы болып сайлану үшін де, бизнесін дөңгелетіп кетуі үшін де алдымен танымалдылық ауадай қажет, ол үшін күресіп жүрген, ізденіп жүрген қаншама адам, бірі қаншама млн ақша салса да елене алмай, біреулері адал еңбектерімен-ақ танымалдылыққа ие.

Алланың берген бағымен таласпа дейміз, сонда да болса «піс, аузыма түс» емес, алға қойған мақсатың мен жүректегі адал қасиетің, шыншылдығың, қара тер еңбегің сені жетелеп ұзаққа алып баратын.

Иә, ұрпағымыздың қай-қайсысына болмасын өмірлік нанын қолдарына ұстата алдым деп ойлаймын, әрине, ол танымалдылық. Ары қарай бақ өз қолдарында… Өміріміздің жалғасы - ұрпағымыз, абыройлы аттары айға ұшқан саналы, көркем мінезді азаматтары болып елдің сүйіктісіне айнала берсін! деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Байланысты жаналықтар

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

«Қайрат, мына сөзге жауап бер». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті

17.03.2025

Гүлзира Айдарбекова: Қазір бұрынғы 50 досымнан бір-екеуі ғана қалды

15.03.2025

«Балаларым ауыра берді»: Әбдікәрімова басынан өткен қиындық отбасына қалай әсер еткенін еске алды

13.03.2025
MalimBlocks
«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

«Қайрат, мына сөзге жауап бер». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлттық нақышта киінген видеосын жариялады.

Гүлзира Айдарбекова: Қазір бұрынғы 50 досымнан бір-екеуі ғана қалды

«Балаларым ауыра берді»: Әбдікәрімова басынан өткен қиындық отбасына қалай әсер еткенін еске алды

Ол балаларын қатты уайымдаған.