«Не деген бақыт». Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығын жариялады
Өнер иесінің қызы қытайлық университеттен шақырту алған.
Танымал әнші Алтынай Жорабаева тұңғыш қызы Аяулымның Қытай елінің тағы бір университетінен шақырту алғанын айтып, сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Әнші қызының екі университетті салыстырып, ең мықтысын таңдайтынын атап өтті.
“Шок болып отырмын. Өткенде BFSU -ға шақырту алып еді ғой. Енді осы Minzu university of China-дан шақырту келді. Аяулым осы екі университеттің бірін таңдау керек. Қазір осы Minzu университетін қарап жүрміз. Содан кейін BFSU -ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң, шешім қабылдамақ.
Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елшінің:” Екі елдің достығы үшін, болашақ ұрпақ жақсы білім алуы тиіс” деп бар көмегін аямады. Не деген бақыт! Не деген қуаныш!”, – деп жазды әнші.
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva