«Не деген іштарлық?»: Әнші Алтынай Жорабаева ашуға булықты

Өнер иесі өзіне қатысты әңгімелерді естіп, көңілі түскен

Сабина Асқарқызы

  • 14.11.2024

Танымал эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева өзіне қатысты қауесет таратып жүрген жандарға үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі өзін бетіне мақтап, сырт жақтан ғайбат сөз айтқандар туралы ой қозғады.

«Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарханда отырып, «Сен кереметсің, жаным, күнім» деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. «Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз» деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?! Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері «Ғайбат айтпаңыздар» деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырмын», – деп ашуланды әнші. 

Сондай-ақ әнші өзі жазып отырған адамдардың ел алдына танымал, құрметке бөленіп жүргенін де атап өтті.

«Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген «Халық қалаулылары» осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр», – деді өнер иесі. 

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

29.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

26.03.2025

"Арбаға таңылып қалдық". Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

19.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Ол жақын адамдарын қонақ еткен.

"Арбаға таңылып қалдық". Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

Екеуінің де денсаулығы сыр беріп, арбаға таңылып қалған