Қазақтың «Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешова 74 жасқа толды

Меруерт Өтекешова ұзақ жылдар бойы театр сахнасында өнер көрсетті

Сабина Асқарқызы

  • 25.02.2025

Бүгін – қазақ театр және кино өнерінің жарық жұлдыздарының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешованың туған күні. Ол 74 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Меруерт Өтекешова есімі қазақ киносының алтын қорына енген «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлімен халық жадында мәңгі сақталды. Оның нәзіктігі мен сұлулығы, актерлік шеберлігі арқылы сомдаған Қыз Жібек образы қазақ халқының махаббат символына айналды.

Ол тек кино әлемінде ғана емес, театр сахнасында да өзінің қайталанбас рөлдерімен көрермен жүрегінен орын тапты. Меруерт Өтекешова ұзақ жылдар бойы театр сахнасында өнер көрсетіп, ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Марқұм жұбайы, белгілі актер Құман Тастанбековпен бірге қазақ киносының ең сұлу әрі шынайы жұптарының біріне айналды. Олардың өнердегі және өмірдегі жарасымды махаббаты көрермендер үшін адалдық пен сүйіспеншіліктің үлгісі болды.

Фото: әлеуметтік желі