«Қойшы бала» Жігер Ауыпбаевты «лақтырып» кеткен

Қазір «жылқышы балаға» қамқорлық танытып жүр.

Сабина Асқарқызы

  • 04.06.2024

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев қойшы баланың қарамағынан неліктен кетіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Хабарlike» бағдарламасына қонақ ретінде келген Жігер көпшілікке қойшы бала деп танылған Айдос Кәденнің кейінгі уақытта мінезі күрт өзгеріп, ол бөлек кетуді жөн көргенін алға тартты. Өнер иесі шәкіртінің бұл әрекетін өтпелі кезеңнің кесірі деп түсінгенін де жасырмады.

Әзірге ашып айтпай-ақ қояйын. Бәлкім уақытша нәрсе шығар деп ойлаймын. Себебі мен қойшы баланы үш жыл бұрын жайлаудан Алматы қаласына алып келіп, үйімнен орын беріп, мектебін жайғастырып, оқуын реттеп, продюсері болмасам да ұстазы ретінде қайда барсам бірге ертіп жүрдім. Ол менің балам емес, ата-анасы бар дегендей. Бірақ неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым. Себебі алда үлкен жоспарлар бар еді. 11-сыныпты бітіртіп, одан кейін оқуына дайындап жатқан болатынмын. Өкінішке қарай, осылай болып тұр. Бала қазір өтпелі кезеңде жүр. Бәлкім өз қалпына келгеннен кейін оралар. Менің қанатымның астына өткеннен кейін үш айдан кейін өтпелі кезеңі басталды. Мінезі өзгере бастады, – дейді әнші. 

Есесіне қазір әлеуметтік желіде жылқышы бала ретінде танылған Береке Мұратты қарамағына алған. Аупбаев бұл шәкіртінің болашағынан зор үміт күтеді екен.

Мен продюсер деген сөзге қарсымын. Қолымнан келгенше кез келген қазақ баласына қолдау білдіргім келеді. Өзімізде ауылдан шыққасын, тасадағы таланттардың бағын жағуға тырысамын. Райымбек ауданында ән сапармен барғанда қойшы баланы таптым. Енді өнерге қосамын деп жатқанымда кетіп қалды. Қаншама жоспарлар қалды. Ештеңе айтпастан бір күнде кетті. Содан жылқышы балаға көзім түсті. Қазақ өнерін биікке көтеретін мықты маман болатынына сенімдімін, – дейді Жігер Ауыпбаев.

Фото: jiger_auypbaev instagram парақшасынан

Байланысты жаналықтар

«Қышуы қансын». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді

22.11.2024

Төреғали Төреәлі «ТТТ» атауының қайдан пайда болғанын түсіндірді

20.11.2024

Танымал дәстүрлі әнші Биғазы Тұтқабековтің қызы тұрмысқа шықты

20.11.2024

Немерем мен кенже баламды бесікке салып бірге тербетемін - Өмірқұл Айниязов

19.11.2024

«Келіндік міндетім»: Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті

15.11.2024

«Не деген іштарлық?»: Әнші Алтынай Жорабаева ашуға булықты

14.11.2024
MalimBlocks
«Қышуы қансын». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді

Әнші кешірім сұрайтындай әрекет жасамағанын айтты.

Төреғали Төреәлі «ТТТ» атауының қайдан пайда болғанын түсіндірді

Әнші әлеуметтік желіде құпиясын ашты.

Танымал дәстүрлі әнші Биғазы Тұтқабековтің қызы тұрмысқа шықты

Қарлығаш Биғазықызы әкесінің ұмытылған атып жаңғыртып, өнерімен тамсандырып жүр

Немерем мен кенже баламды бесікке салып бірге тербетемін - Өмірқұл Айниязов

Өнер иесі ұлын үйлендіргеннен кейін гендер пати жасаған

«Келіндік міндетім»: Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті

Өнер иесінің енесі де әнші болып шықты

«Не деген іштарлық?»: Әнші Алтынай Жорабаева ашуға булықты

Өнер иесі өзіне қатысты әңгімелерді естіп, көңілі түскен