Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты тақырға отырғызған алаяқ кім

Олар 2013 жылы алаяқтың құрбаны болды

Сабина Асқарқызы

  • 15.11.2024

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясында эстрада әншісі Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты ондаған миллион теңгеге алдап кеткен сотталушыға қатысты апелляциялық шағым қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат Бекқайыровтың үстінен шағым жәбірленушілердің бірінен түскен.

"Айыппұлдың бір бөлігі өзгеріссіз қалды. Бірақ жәбірленушілердің біріне келтірілген шығын мөлшері алдын ала мәлімет бойынша 39 миллион теңгеден 54 миллион теңгеге дейін ұлғайды”, – делінген ресми мәлімдемеде.  

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында Алматы қаласы Медеу аудандық соты Бекқайыровты 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі көлемдегі алаяқтық") бойынша кінәлі деп танып, оны белгілі бір мерзімге қауіпсіздігі орташа колонияда 6 жыл 8 ай жазасына кескен болатын.

Шешім бойынша жәбірленушілердің бірі Дәулет Тұрлыхановқа 533,7 миллион теңге, ал Роза Рымбаеваға 91,1 миллион теңге және тағы екі жәбірленушіге жалпы сомасы 60 миллион теңгеден астам шығынды өтеуге тиіс еді.

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді

26.04.2025

Депутат Роза Рымбаеваның авторлық құқығы тапталып жатқанын айтты

24.04.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді

Депутат Роза Рымбаеваның авторлық құқығы тапталып жатқанын айтты

Отандық эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваның гонорары үшін министр болмаса да, мәжілісмендер қам жеп отыр