«Сахнаға мас күйінде шығатын»: Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері шындықты айтты
Продюсер әншіге "Ұлы дала баласы" деп лақап ат бергенін айтты
Танымал эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері Жан Мұқанов әншіден көңілі қалғанын айтып, араласпай қалған кезіне тоқталды, деп хабарлайды Malim.kz.
"Төреғали маған әкесімен келген еді. Ол кезде тек айтыскерлердің арасында танымал болды. Өзінің алғашқы жеке концертін бермекші болған. Бірақ эстрадада аса танымал болмады. Мен бұл жобаны қолыма алдым және оны "Ұлы дала баласы" деп атадым. Оның әкесі маған "еті сенікі, сүйегі менікі" деді. Бұл терең мағынасы бар сөз. Бұл оның маған деген үлкен сенімін білдірді. Сондықтан мен онымен шынайы жұмыс істеуге бекіндім. Оның гонорары бастапқыда 200-500 доллар болды, шамамен 2-2,5 жылда 8 000 – 10 000 долларға дейін көтердік. Ол өте танымал болды. Эстрадаға келіп жолы ашылды. Тіпті жарты жылда бір күні де бос болмады. Соңғы концерт Талдықорғанда өтті. Онда біз 36 мың көрермен жинадық", – деп бастады әңгімесін продюсер.
Продюсер әншінің смахнаға мас боп шығатын кездері көбейгенін айтады.
“Біз өте нашар қоштастық. Ол кезде оның жасы бар болғаны 24-те еді. Қазан айында 25 жасқа толатын. Бес күн қатарынан Республика сарайында концерт бердік. Содан соң бірден оның туған күні, тойға дайындық, оның тойы, бал айы болатын болды. Мен оған Дубайдағы қонақүйдің президенттік нөмірін алдым және тікұшақпен серуендеуді ұйымдастырдым. Оған жұлдыздар қандай болатынын көрсеткім келді. Алайда концерттер ойдағыдай болмады, тек 50-60% билет өтті. Ақшасын өтемеді, сондықтан өз қалтамнан төледім. Ол қарызды жабу үшін оның 10-12 рет өнер көрсетуі жеткілікті болды. Той күні бәрін дайындап қойдым. Ол таңертең сағат 11:00 шамасында нөмірінен шықты, мен оған 10-12 рет өнер көрсетіп, өтеу керек болатынын айттым. Ол өте шаршап тұрды және мас күйде болды. Ол маған "Жан, ол сенің проблемаң" деді. Ол мені ешқашан олай атамаған, мен ол үшін әрқашан "Жан аға" болдым. Бұл мен үшін маңызды. Ол маған "сен" деп сөйледі. Мен оны қатты жақсы көрдім, әлі де жақсы көремін. Бірақ оның сол кездегі сөздері мені сындырып жіберді. Мен сөйлемей, кетіп қалдым. Тойға қатысқан жоқпын. Кеудемнен итергендей болды. Мен үшін бұл сатқындықтың шегі болды. Содан кейін Төреғали Төреәлімен жанжалдар басталды. Сахнаға мас күйінде шығу ол үшін қалыпты дүниелерге айналып жатты”, – деді Жан Мұқанов.