Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды
Блогер оның таза көңіліне ғашық болыпты.

Танымал блогер Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевпен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Блогер Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында болашақ жарының қай қасиетіне ғашық болғанын да алға тартты.
«Мен анау-мынау қыз емеспін, ойнап әңгіме айтудың қажеті жоқ» дедім. Ол бірден өзінің ниеті таза, көңілі шынайы екенін түсіндіруге тырысты. Оның жазған хаттарын әлеуметтік желіде де жариялағанмын. Негізі сондай адам, көңілі ақ, мен соған ғашық болдым, дейді Фариза.
Сонымен қатар оның Дарханмен сөйлесіп жүргенін ағасы Төреғали біліп қойғанын да еске алды.
Ағам сөйлесіп жүргенімді біліп қойыпты, қалай білгені маған белгісіз. Өзінің менеджері арқылы сұрастырған көрінеді. Сонан соң өзі де оның жақсы жігіт екенін айтты. Ол да ағалық қамқорлығы ғой.
Дархан екеуміз жеті ай араласып, сонан соң ол маған ұсыныс жасады. Үйдегілердің ешқайсысы білмейді, бәрі таңғалды, деп қосты ол.
Фото: tiktok.com/@fmbasflisa
MalimBlocks
