Төреғали Төреәлінің қарындасы үйінен үлкен көлемде ақша ұрланғанын айтты

Дина Төреәлі бір күнде екі  бала күтушісін жұмыстан босатты

Сабина Асқарқызы

  • 17.03.2025

Танымал блогер Дина Төреәлі бір күнде екі  бала күтушісін жұмыстан босатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Желі жұлдызы үйінен ақша ұрланғанын айтып, оқиғаны баяндап берді. 

“Бір күннің ішінде екі бірдей бала күтушім өз орындарын босатты. Қысқасы, бөлмемнен көп суммада ақша ұрланды. Бірнеше миллион теңге еді. Не нәрсенің қалай болғанын айтып, жариялап, жағдайды ушықтырғым келмейді. Үй көмекшісінің де атын айтып, түстегім келмейді. Он бәленің тоғызы тілден деген. Бір бала күтушісінің тілінің ұзындығының кесірінен 102-ге хабарласуға мәжбүр болдым. Мен баламды босанып жүріп, ұйықтамастан тапқан еңбекақым еді. Дәл сол ақшада екінші ұлымның да еңбекақысы бар. Себебі перзентханада жатқан кезде де тынбай жұмыс істедім. Сөмкесімен бірге алып кеткен. Жақсы өмір сүргілерің келсе, жұмыс істеңдер. Біреудің дайын ақшасына қол сұқпаңдар”, – деп жазды блогер. 

Одан кейін блогер баласын қолының сұғанақтығы бар адамдарға тапсырғанына өкінетінін жеткізді. 

“Білесіздер ме… Қолының сұғанағы бар адам менің шаңырағымда жүріп ақша ұрлағаны емес… Баламды сеніп тапсырып жүргенім үшін жүрегім ауырып, бойымды қорқыныш байлап кетті… Екеуінің қайсысы алғаны дәл қазір бір Аллаға мәлім. Ешкімге кінә артып, жала жаппаймын. Мен үшін хайырлы емес адамдарды жеңіл күйде менен және балаларымнан алшақтатқаны үшін Аллаға шүкір. Қасиетті Рамазан айында міне осындай жағдай. Алладан қорқып, ұялмаған адам басқаларды қайтсін? Ақша табылған жоқ. Менде осы істі соңына дейін апаруға, барлығының жүздеріне дейін көрсетуге мүмкіндік көп. Бірақ мен солай істеуге Алладан қорқамын. Адал еңбегіммен Алла маған ризық несібемді беріп отырса, әлі де береді. Мен сенемін. Ал ұрлаған адамды бір Аллаға тапсырдым. Қазір шетелдік бала күтушісін жалдадым", — деп жазды ол.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

28.04.2025

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

27.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

Ал образы 236 млн теңгеге жуықтаған.

854 блогер кірісін толық көрсетпеген

338 блогер 256 миллион теңге салық төледі