freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Халықаралық іздеудегі алаяқ Қазақстанға жеткізілді

Қоғам
Халықаралық іздеудегі алаяқ Қазақстанға жеткізілді
Фото: polisia.kz

19 маусым күні Түркия Республикасынан бірнеше алаяқтық қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Күдікті Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны елге қайтару жұмыстарын ұйымдастыруға ҚР ІІМ-нің Түркиядағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі қолдау көрсеткен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынын алдап, олардың 3 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі шетелде жасырынып жүрген және қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген адамдарды анықтау және ұстау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу