Целиноград ауданында учаскелік полиция инспекторы Тасболат Жанболат автобуста есінен танып қалған мектеп оқушысына жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға Астанадан келе жатқан автобус ішінде болған. Патрульдеу кезінде автобус жүргізушісі мен жолаушылар полиция қызметкерінен өзін жайсыз сезініп, жағдайы күрт нашарлаған жасөспірімге көмектесуді сұраған.
Тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпай оқушыны жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізіп, дәрігерлердің дер кезінде көмек көрсетуіне жағдай жасаған. Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы тұрақты.
Оқушының туыстары полиция қызметкерінің жедел әрекеті мен адамгершілігі үшін алғыс білдірді.