freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ыстанбұлда метро пойызы рельстен шығып кетті

Әлем
Ыстанбұлда метро пойызы рельстен шығып кетті
Фото: видеодан скрин

Ыстанбұлдағы Бостанжы станциясында метро пойызы белгісіз себептермен рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Қадыкөй ауданын Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайымен байланыстыратын желіде болған.

Оқиғадан кейін барлық жолаушы қауіпсіз түрде эвакуацияланып, туннель арқылы сыртқа шығарылды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметі мен метро мамандары жұмылдырылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта апаттың салдарын жою және қозғалысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар пойыздың рельстен шығу себебін анықтап жатыр. Оқиғаға байланысты қаладағы негізгі көлік бағыттарының бірі саналатын метро желісінің жұмысы уақытша тоқтатылып, қозғалысқа шектеу қойылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу