Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь басшысы Александр Лукашенкоға Ресейдің ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққыларын үйлестіруге көмектесетін жабдықтарды алып тастау үшін бір апта уақыт берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Украинамен шекаралас Беларусь облыстарының аумағында украиналық қалаларға жасалатын шабуылдарды түзетуге пайдаланылатын арнайы ретрансляторлар орналасқан.
«Егер Беларусь соғысқа қатысқысы келмейтінін айтса, онда бұл техниканы алып тастауы немесе өшіруі керек», – деді Зеленский Киевте Гондурас президенті Насри Асфурамен өткен баспасөз мәслихатында.
Украина басшысы Лукашенкоға мұндай шешім қабылдауға бір апта жеткілікті деп санайтынын айтты. Оның сөзінше, егер бұл мерзім ішінде аталған жабдықтар алынбаса, Украина өз бетінше әрекет етуі мүмкін.
Сондай-ақ Зеленский Беларусьтен Ресей армиясына мұнай өнімдерін жеткізуді тоқтатуды талап етті.
Әзірге Беларусь билігі Украина президентінің мәлімдемесіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.