freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісуда банк шотын үшінші тұлғаға берген тұрғын сотталды

Қоғам
Жетісуда банк шотын үшінші тұлғаға берген тұрғын сотталды
Фото: pixabay

Жетісу облысының Текелі қаласында өз банк шотына қолжетімділікті үшінші тұлғаға заңсыз берген тұрғынға қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот материалдарына сәйкес, қала тұрғыны өзінің банк шотын материалдық сыйақы үшін басқа адамға пайдалануға берген. Нәтижесінде аталған шот интернет-алаяқтық схемасында қолданылып, жәбірленушінің ақшалай қаражатын аудару үшін пайдаланылған.

Текелі қалалық соты азаматты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратураның мәліметінше, банк карталарын, шоттарды, логиндер мен парольдерді, SMS-кодтарды немесе мобильді банкингке қолжетімділікті үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауаптылыққа әкелуі мүмкін. Бұл жауапкершілік шот иесі оның кейін қандай мақсатта пайдаланылғанын білмеген жағдайда да туындайды.

Қадағалау органы соңғы уақытта алаяқтардың азаматтарға «жеңіл табыс» ұсынып, банк карталары мен шоттарын уақытша пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар жасайтынын атап өтті. Алайда мұндай шоттар көбіне заңсыз алынған қаражатты айналымға енгізу және интернет-алаяқтық операцияларын жүргізу үшін қолданылады.

Жетісу облысының прокуратурасы тұрғындарды қаржылық қауіпсіздік талаптарын сақтауға, банк деректері мен шоттарына қолжетімділікті бөтен адамдарға бермеуге және күмәнді ұсыныстарға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу