«Сұмдық бір оқиға». Қайрат Түнтеков өнерде жолын кескендер туралы айтты

Өнер иесінің айтуынша, телеарналар жол апатын асыра сілтеп көрсеткен.

Сабина Асқарқызы

  • 11.07.2024

Танымал әнші Қайрат Түнтеков Qazaq Airan арнасына берген сұхбатында өнерде жолын бөгеген жандар туралы жасырмай айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейінгі сұхбаттарында Қайрат Түнтеков бала кезінен көп қиыншылықты бастан өткергенін жасырмайтын. Әнші ес білгелі жоқшылықты көріп, тіпті Super Star-да жеңіске жеткен кезде жатақханада тұрғаны баршаға мәлім. Көпшіліктің сүйікті әншісі өнер жолына кедергі келтірген әлдекімдердің болғанын жоққа шығармады.

"Өнерде жолымды бөгеген, эфирге шығуыма кедергі болған билік тұтқасын ұстаған адамдар болды, бірақ аты-жөндерін өзім де білмеймін. Ашық қысым болмады, қысым теледидар арқылы жүрді. Бұл ақпараттық қысым ғой, маған сол өте ауыр тиді, былай артымнан ешкім қуып, айтқанымен жүргізбеді. "Сен үйтпе, бүйтпе" деп ешкім айтқан емес. Мүмкін араға біреуді қосқан да болар, бірақ мен ол туралы білмеймін", - дейді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, телеарналар жол апатын асыра сілтеп көрсеткен.

"Мысалы, жол апатына түскен кезімде бүкіл телеарнадан сұмдық бір оқиға болған сияқты көрсетті ғой. Ондай сұмдық жайт болды деп айта алмаймын, аллаға шүкір, ешкім зақым алған жоқ, бақилық болған жоқ. Бірақ соның өзін үлкен мәселе етіп көрсетті. Арасында қаншама депутат ағамыз сөйледі, мүмкін біреулерге осы керек болған шығар", - деді Қайрат Түнтеков.

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

29.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

26.03.2025

"Арбаға таңылып қалдық". Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

19.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Ол жақын адамдарын қонақ еткен.

"Арбаға таңылып қалдық". Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

Екеуінің де денсаулығы сыр беріп, арбаға таңылып қалған