Танымал блогер әйеліне 150 млн теңге тұратын көлік сыйлады

Желі жұлдызы әйелі Дариғаға жұрт алдында алғыс білдірді

Сабина Асқарқызы

  • 14.11.2024

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариғаға қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Желі жұлдызы әйелі Дариғаға жұрт алдында алғыс білдірді. 

“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет! Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым – осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды блогер. 

Айта кетейік, бір апта бұрын Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесті. Ол қызының анасына JAC маркалы көлігін және Астана қаласынан пәтер сыйлады. Сонымен қатар қыздың еміне қомақты қаржы табыстады. 

Байланысты жаналықтар

20 млн теңгелік торт: блогер Дархан Жолшыбековтің әйелі туған күнін дүркіретіп тойлады

18.11.2024
MalimBlocks
20 млн теңгелік торт: блогер Дархан Жолшыбековтің әйелі туған күнін дүркіретіп тойлады

Кешке танымал әншілер мен блогерлер келген.