Танымал блогер үш қабатты үйін көрсетіп, қызу талқыға түсті

Дархан Жолшыбеков тау етегінен зәулім үй сатып алған

Сабина Асқарқызы

  • 12.03.2025

Отандық миллионер блогерлер, ерлі-зайыпты Дархан Жолшыбеков пен әлеуметтік желіде Daricorn деген атпен танымал Дариға Нұркеева өздерінің жаңа сәнді үйлерін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Танымал блогер оқырмандарының осындай үйлі болуын тіледі.

Жаңа үй. Сіздерге де осындай қуаныш тілеймін, - деп атап өтті миллионер блогер.

Блогер тау етегінде орналасқан, кең ауласы бар үш қабатты әсем үйін көрсетті.

Жұбайы мен кішкентай қызы үшін Дархан кіреберіске қызыл кілем төседі. Бірінші қабатта жарық әрі кең қонақ бөлме орналасқан, ал лифтпен ерлі-зайыптылар басқа қабаттарға көтерілді.

Үшінші қабатта бірнеше жатын бөлме, жуынатын бөлмелер бар, сондай-ақ екінші және үшінші қабаттарда балкондар қарастырылған. Ерлі-зайыптыларды Жазира Еркін, Фариза Ескермес, Бейбіт Әлібеков, Серік Ибрагимов және басқа да танымал тұлғалар қуанышымен құттықтады.

"Навигаторсыз адасып кетуге болады", "Құтты болсын", "Егер мен сіздерге көшіп келсем де, үлкен үйде аптасына бір рет кездесетін шығармыз", "Бұл үй емес, тұтас тұрғын үй кешені ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

25.04.2025

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

25.04.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

Танымал блогер Daricorn жауапкершілікке тартылды

22.04.2025
MalimBlocks
"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

Ол бала күнінен қиялдағанды жақсы көретінін алға тартты.

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Танымал блогер Daricorn жауапкершілікке тартылды

Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды