Танымал футболшы Бахтиер Зайнутдинов Айнұр Тұрсынбаеваның үйіне барды

Айнұр Тұрсынбаева Нұржан Иманалиевпен бірге Түркияда өмір сүріп жатыр

Сабина Асқарқызы

  • 30.12.2024

Қазақстандық танымал футболшы, ұлттық құраманың белді ойыншысы және Стамбұлдың «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырағына қонақ болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі уақытта Айнұр Тұрсынбаева жұбайы, Нұржан Иманалиевпен (көпшілікке «Нойс» деген лақап атпен танымал) бірге Түркияда өмір сүріп жатыр.

Құрметті қонақты қазақ дәстүріне сай ет асып қарсы алған үй иелері оған ерекше сый-сыяпаттарын көрсетті. Өз кезегінде Бахтиер балаларға естелік қолтаңба қалдырып, олармен бірге суретке түсті. Бұл сәттерді Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram парақшасында бөліскен видеолардан байқауға болады.

«Шетелде қазақтың намысын қорғап жүрген батыр ұлымыз Бахтиер шаңырағымызға қонаққа келді. Сіздердің де ұлдарыңыз осындай ер жүрек азамат болсын!» – деп жазды ақын әлеуметтік желідегі жазбасында.

Бұл кездесу шетелде жүрсе де ұлттық дәстүрді ұмытпаған қазақ халқының бірлігін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Байланысты жаналықтар

«8 наурыз, туған күнді ұмыттық». Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі бағалы сыйлық әперді

02.04.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

26.03.2025

«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева сәбилі болуды армандайтынын айтты

13.03.2025

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имаштың әзілі жұртты күлкіге қарық қылды

28.02.2025

«Халықты тонауды қоймапты»: Айнұр Тұрсынбаева желілік маргетинг компаниясын ашты

05.02.2025
MalimBlocks
«8 наурыз, туған күнді ұмыттық». Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі бағалы сыйлық әперді

Ол мұндай сыйлықты ораза кезінде алған.

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

Өнер иесі осыдан тоғыз жыл бұрынғы күйін еске алды.

«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева сәбилі болуды армандайтынын айтты

Айтыскер өзіне де бұл сұрақ жиі қойылатынын алға тартты.

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имаштың әзілі жұртты күлкіге қарық қылды

Айтыскер ақын видеоны желіде жариялады.

«Халықты тонауды қоймапты»: Айнұр Тұрсынбаева желілік маргетинг компаниясын ашты

Таныстыру рәсімін Алматыда өткізген.