«Таяқ жедім». Жазира Байырбекова сынға ұшырады

Әншінің мәлімдемесін оқырмандары түсінбей қалған.

Сабина Асқарқызы

  • 19.02.2025

Әлеуметтік желіде Жазира Байырбекованың 8 жыл бұрын «Ұят емес» бағдарламасына берген сұхбатынан үзінді тарады. Онда әнші күйеуінен 2-3 рет таяқ жегенін айтқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол заманда әйелді ұру «мода» болды ғой. Өтірік айтпай-ақ қояйын, 2-3 рет таяқ жедім. Көп емес. Өзім кінәлі болдым, сол таяққа лайықты болдым. Ерке болдым, бетімнен ешкім қақпаған еді. Жолдасыма қарсы сөйлеймін деп таяқ жедім. Тілімнен таптым. Қазір ол тілді қалай жайғастыру керек екенін біліп алдық. Менің бұлай айтып отырған себебім, қазір ажырасулар өте көп. Бір келіншек «маған қол жұмсады ғой, білесің бе» деп құрбысына айтады. «Бір ұрған еркек ұра беретін болады, құрсын, ажырас» дейді ол. Солай бір ұрғаны үшін ажырасып кетіп жатқандар бар. Ұрғанға шыдап жүре беру керек деп те айта алмаймын. Бірақ отбасы болған соң кез келген нәрсе болады деп айтқым келеді, дейді өнер иесі.

Алайда әншінің бұл сөздері желі қолданушыларының ашуын туғызды.

«Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты осылай нормаға айналдырған екен ғой», «Дардай әншінің айтқаны мынау болса, сұмдық», «Модасы несі, осы әншілер бір жөні түзу нәрсе айтпады ғой», «Біздің заманда ұрса, шыдадық. Бірақ қазіргі қыздар ондайға көнбейді. Сол үшін мұндай әңгіме айтпау керек», «Осындай пікірлерден кейін ғой әйелдің құқығы жылдар бойы тапталғаны», деп жазды олар.

Фото: kyn.kz

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайберген туралы әлемнің ең танымал басылымы мақала жариялады

20.02.2025

Өзге тұрмақ, өз туысыңның үйіне бара алмайсың – Досымжан Таңатаров

20.02.2025

Әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты

19.02.2025

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

18.02.2025

Мақпал Жүнісованың қызы орысша сөйлеймін деп сынға ұшырады

17.02.2025

Атақты «Орда» тобы тыңдармандарымен қоштасты

17.02.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайберген туралы әлемнің ең танымал басылымы мақала жариялады

Өзге тұрмақ, өз туысыңның үйіне бара алмайсың – Досымжан Таңатаров

Досымжан Таңатаров қазіргі жастар басқа тәрбиемен өсіп жатқанын алға тартты.

Әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

Бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжан мәлім етті

Мақпал Жүнісованың қызы орысша сөйлеймін деп сынға ұшырады

Өнер иесінің қызы көбіне орысша сөйлейді екен.

Атақты «Орда» тобы тыңдармандарымен қоштасты

Өнер иелері Алматыда қоштасу кешін өткізді