«Ұрлықшы сияқты болып тұрмын»: Мақпал Жүнісова өзін ыңғайсыз жағдайға қалдырғандарға ескерту жасады

Мақпал Жүнісова бұл жағдайды орынсыз деп бағалап, мұндай әрекеттерге қарсы екенін жеткізді

Сабина Асқарқызы

  • 22.01.2025

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желілерде жасанды интеллект арқылы жасалған, ағылшын тілінде орындалған әнге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Әншінің дауысын қолдана отырып жасалған видео желіде кең тараған болатын. Әлемдік әншілер Розе мен Бруно Марстың орындауындағы «АРТ» хиті жасанды интеллект көмегімен Мақпал Жүнісованың дауысымен орындалған.

Өнер иесі бұл бейнероликке қатысты «Ел арна» телеарнасына сұқбат беріп, көңілінен шықпағанын айтып, өз даусын пайдаланғандарға ескерту жасады. Мақпал Жүнісова бұл жағдайды орынсыз деп бағалап, мұндай әрекеттерге қарсы екенін жеткізді.

Бәрі таратып жатыр, бірақ маған ұнамайды. Ауылда туған қазақтың қызымын ғой. Бұлар заңды бұзып отыр. Менің орындамаған әндерімді мен орындады деп отыр. Қазір қатты таратып жатыр. Мен ағылшынша орындамағаннан кейін ұрлықшы сияқты болып тұрмын. Өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Сосын маған мұндай жараспайды екен. Өзім қазақтың иісі аңқыған қызбын ғой, қазақ тілінде ғана жақсы орындай аламын деп айта аламын, дейді әнші.

 

 

Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан

Байланысты жаналықтар

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

07.04.2025

Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

31.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

06.03.2025

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

03.03.2025
MalimBlocks
«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

Ол ауылда мүлде жағдай жоқ екенін айтты.

Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

Әнші әріптестерінің үйіне қонаққа барған.

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

Өнер иесі: Әппақ ниетін ешқашан ұмытпаймын

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

Өнер иесі көпшілікпен қуанышын бөлісті