Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

Шоу-бизнес
«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Жаркентке кетіп бара жатқан жолда Шелек ауылына тоқтап, өңірдің тыныс-тіршілігін баяндап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаркентке жолға шыққан едім. Қарнымыз ашқан соң жолшыбай кафеге кіргіміз келді. Бір жерде дәретхана жоқ. Оның өзі далада, түрінен шошисың. Әкімдіктері жабық тұр. Ғимараттың алды ғана тазаланған. Дәретханасы болса, кіріп шығайық деп ойлағанбыз. Бірақ тарс жабық. Ауыл басшылары, қайда қарап жүрсіздер?! Мен Шелекке барған жоқпын. Тек жолдың бойында болған тоқтап, асхана мен дәретхана іздедік, деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі жағдайдың болмауы жастардың ауылдардан кетуіне себеп екенін тілге тиек етті.  

Жастар ауылдан осындай жағдайға шыдаман соң кетеді. Өтіп бара жатқанда 5-6 үйдің сатылатынын оқыдық. Өте қиын жағдай. Халық ауылдан көшсе, ауыл жабылады, деді халық әртісі. 

Фото: Кадрдан алынған видео

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу