1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақ ішеді

Бүгін президент Қ. Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады. 

Malim Админ

  • 23.06.2023

Мемлекет басшысына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

* Қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өседі;

* Жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр;

* Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі;

* Педагогтарды аттестаттау рәсімі жетілдіріліп жатыр. Енді олардың кәсіби біліктілігі пәнді қаншалықты жақсы білетініне қарай, ал жұмысының нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктері негізінде бағаланады;

* Биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр;

* Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр.

«Президент білім мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарына ден қоюды және оқушылардың техникалық-инженерлік ойлау қабылеттерін арттыру жұмыстарын тапсырды»,- деді министр Ғани Бейсембаев. 

Байланысты жаналықтар

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

13.09.2024

Тамыз саммитінде қандай мәселелер көтерілді?

21.08.2024

Министр Бейсембаев оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу дауына қатысты пікір білдірді

21.08.2024

Биыл елімізде 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

24.05.2024

Министр су тасқыны болған өңірлерде оқушылар емтиханнан босатылатынын айтты

21.05.2024

25 мамырда «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтеді: Оқу-ағарту министрі үндеу жолдады

30.04.2024
MalimBlocks
Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

Тоқаев министрге бірқатар тапсырма берді

Тамыз саммитінде қандай мәселелер көтерілді?

Педагогтердің қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударылады

Министр Бейсембаев оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу дауына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне қатысты пікір білдірді.

Биыл елімізде 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

Сондай-ақ 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом иеленіп, толыққанды маман болады.

Министр су тасқыны болған өңірлерде оқушылар емтиханнан босатылатынын айтты

Сондай-ақ ол Атырау, Түркістан, Ақтөбе облыстары балалардың жазғы демалыспен қамтылуын арттыруға баса назар аудару қажет екенін айтты.

25 мамырда «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтеді: Оқу-ағарту министрі үндеу жолдады

Мамыр айында «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған.