4 күн жұмыс, 100% жалақы – Қазақстанға қашан келеді?

Бұл аптаны Ұлыбританиялықтар 4 күндік жұмыс режимімен бастады.

  • 07.06.2022

Көрнекі сурет. Ашық декреккөзден алынды

Ұлыбританияда 70 компания аптасына 4 күн ғана жұмыс істейді. Олар бұл өзгерісті кеше (6-маусым 2022 жыл) енгізді. Өзгеріске сәйкес британдар бұдан былай әдеттегіше 5 күн емес, 4 күн жұмывс істейді.

Бастамашы топ бұл өзгерісті енгізе отырып, қызметкерлердің жалақысын 100% сақтап қалады деп отыр. 80% жұмыс істейді, бірақ, өзіне белгіленген жалақыны толық алады. Бұл – тек уақытқа байланысты, негізінен, жұмыс өніділігін түсірмейді деп болжайды ұйымдастырушылар. Тіпті, 4 күн жұмыс істейтіндер жұмыс нәтижесін 5 күндіктен де асыра орындауы мүмкін.

Бұл енді қазір эксперимент ретінде енгізіліп отырған өзгеріс. Зерттеудің қалай жүретінін Оксфорд пен Кембридждің ғалымдары мен Бостондағы (АҚШ) Autonomy аналитикалық компаниясы бірігіп бақылайды.

Тәжірибеге әр түрлі бағытта жұмыс істейтін компаниялар тіркелген. Олардың ішінде бағдарламалық қамсыздандырумен айналысатын орталықтардан бастап ұсақ-түйек дүңгіршектер мен қайырымдылық қорларына дейін бар.  

BBC-дің жазуынша, 4 күндік жұмыс режиміне көшудің пайдалы болатынын коронавирус пандемиясы да дәлелдеп берді. Көбіне онлайн режимде жұмыс істеген кезде де көптеген салаларда өнімділік пен жұмыс қарқыны азаймаған. Тәжірибеге қатысушы компания өкілдері өз қызметкерлері мен жұмысшыларының өмірін жақсарту, қызықты ету тұрғысында осындай қадамға барып отырғанын айтыпты.

Қазіргі 5 күндік жұмыс режимі – өткен ғасырдың өлшемі. Бұрын қазіргідей техникалық мүмкіндіктер болған емес. Ол кезде ең қарапайым кездесулердің өзі оффлайн өтетін, адам сол үшін соншама жерге баруға мәжбүр болатын. Қазір жүзбе-жүз кездесудің өзі онлайн түрде өте беретінін ескерсек, қазіргі қызметкерлер көптеген жұмысты бұрынғыдан әлдеқайда өнімді істейді. Демек, 4 күндік режимге ауысу – уақыттың талабы деуге де болады.

Сауалнамаға қатысқан, қазір аптасына 4 күн жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің көпшілігі апта ортасында бір күн демалатынын ойлағанда, мотивация пайда болатынын, жұмысты бұрынғыдан да қарқынды істей бастағанын, өнімділік артпаса төмендемегенін айтып отыр. Қазір зерттеушілер жұмыскерлер еңбек өнімділігін 10%-ға ғана арттырса, бұл жоба өзін өзі толық ақтайды деп жатыр.

Осы мәселеге байланысты Ұлыбританияда тұратын Әсия Бағдәулетқызы әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді:

«Шынын айтайын, Қазақстанмен салыстырғанда ЮК-де жұмысты онсыз да приоритетке қоймайды. Үй мен кеңсе, жұмыс пен демалыс балансы бірінші орында. Ірі компаниялардың басшыларын көрдік, маңызды жиындардан "ол күні балаларымды қыдыртам деп жоспарлаған едім" деп бас тартатын. Шаруаның бәрін жиып қойып "пәленшесіне дейін кеңседе емеспін" деп автомат имейл қойып кете беретін әріптестерді де көрдік.

Ал пост-кеңестік елдерде адамға жүйенің тетігі, еңбек құралы ретінде қарайтын сияқты. Қытайлар мен жапондар жұмысқа әсірежауапкершілікпен қарауымен танымал – бәсекеден бе екен, тәрбиеден бе екен?

Жалпы Қазақстанда жұмыс істеу үлкен стресс қой – күні-түні жұмыста жүре берген, оны және қалыпты жағдай көрген кезіміз болды.

Ұлыбританияда ондайды елестету мүмкін емес. Онсыз да аптасына бір-екі күнді кеңседен тыс жерде істеу деген таңдау бар. Бұдан кейін жұмыс аптасы жаппай төрт күнге қысқарса таңғалмаймын – былай да Жұма күні түстен кейін терлеп-тепшіп жұмыс істеген адамды көрмедім. Бір-біріне Happy Friday тілеп сызып кетуді ойлап отырады», - деп жазады ол.

Жалпы, бұл ұсыныс бір бүгін емес, бір Ұлыбританияда емес, Еуропаның көптеген елдерінде бұрыннан айтылып келеді. 1965 жылы алғаш рет «Roundpay Metal Finishers» деп аталатын ағылшын компаниясы енгізіп көрген. Ал, Исландияда 2015 жылы басталған тәжірибе былтыр, 2021 жылы аяқталып, бұл жаңа қысқартылған режимнің нәтижеге ешқандай әсер етпегені айтылған. 

Қазақстанда да 2014 жылы кейбір компаниялар 40 сағаттық апталық жұмыс режимді 32 сағатқа түсіріп көрген. Дегенмен, кейбір зерттеушілер бұл халық саны аз елдер үшін тиімсіз болуы мүмкін дегенді айтады. Оның үстіне, қағазбастылық, кеңсеге байлану мәселесі шешілмей, бірден жұмыс күнін қысқартып тастауға ерте деген көзқарастар бар. Демек, әдеттегідей, бұл да алдымен Еуропаға толық енгізіліп болған соң ғана Орта Азия жаққа келе бастауы мүмкін.  

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады