80 жылдық тарихы бар әскери госпиталь

  • 17.08.2021

Госпиталь деген сөзді көп адам әскери шығармалардан оқыған шығар. Бұл көп жағдайда соғыс жағдайында жарақат алған әскерді емдейтін орталық сияқты көрініп тұрады. Дегенмен, бейбіт заманда да мұндай госпитальдің маңызы өте зор. Ол алдымен әскери қызметшілерді, құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді, т.б. шұғыл жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерді емдеп қана қоймайды, сонымен қатар, соғыс жағдайында жаралыларға жедел әрі тиімді көмек көрсетуді тереңдеп меңгереді, тәжірибелерін арттырады. Қазақстанның әскери дәрігерлері мен жедел-жәрдем бригадалары бұған дейін де бірнеше елде болып қайтқан.

Қазақстанда алғаш болып құрылған әскери-медициналық мекемелердің бірі саналатын Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталінің құрылғанына 80 жыл толып отыр. Бұл мекеменің бұған дейін жеткен жетістігі орасан зор дейді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бұл әскери-медициналық, клиникалық госпитальдың тарихы тым арыда жатыр. Және жай кезде емес, Екінші жүниежүзілік соғыстың қызып тұрған кезінде өмірге келген деуге негіз бар екен.

«Алматы қаласында орналасқан Әскери клиникалық госпиталь 2907-ші эвакуациялау госпиталінің мұрагері десек те болады. Ол 1941 жылғы тамызда Мәскеу облысының Коломна қаласында құрылған болатын. Медициналық мекеме құрылған сәттен бастап жаралылар мен науқастарды қабылдай бастады. Одан кейін мекеме бірнеше рет орын ауыстырды. 1944 жылғы наурызда ол Алматы қаласына қоныс аударды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери клиникалық госпиталі болып қайта құрылды», - делінген ведомсвто ұсынған мәліметте.

Қазір 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін запастағы полковник Самат Сәрсенбаев басқарып келе жатқан госпиталь 80 жыл ішінде кең ауқымдағы емдеу және диагностикалауды тиімді әрі жылдам іске асыратын көпсалалы медициналық мекемеге айналып үлгерген. Госпитальда 17 емдеу бөлімшесі бар. Бұл жерде тек емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілмейді, сонымен қатар, әскери куәландыру жұмыстары да өтеді. Бұл тарапта 2000-нан астам әскери қызметші жан-жақты тексеріліп, медициналық куәландырудан өткізіледі. Одан бөлек, жалпы саны 5000-нан астам емделеді немесе толықтай тексеруден өтеді. Және баса аударатын тағы бір көрсеткіш – мұндағы хирургтар жыл сайын 1000-нан астам әр деңгейдегі операция жасайды.

Бұл тарихи мекеме қазіргі таңда Алматы қаласындағы Әскери медицина орталығының және медициналық жоғары оқу орындары тыңдаушылары үшін оқу базасы және практика орталығы саналады.

Мұнда әскери дәрігерлер бұрынғы тәжірибелер мен медицина ғылымындағы жаңалықтар және жаңа жетістіктерді ұштастырып, практика жүзінде іске асырып, ғылыми-тәжірибелік қызметпен айналысады. Бұл мұнда өзіндік мектеп қалыптасқанын көрсетсе керек.

Қазіргі таңда «госпитальда шұғыл көмек көрсетуге және еліміздің барлық өңіріне баруға әзір арнайы дәрігер-мейірбикелер бригадалары құрылған». Бұл арнайы мақсаттағы құрама бригадалар өткен жылғы тамыз айында Ливанның Бейрут қаласының портындағы жарылыстан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп қайтты.

Қазіргі уақыт әлемді коронавирус вирусы шарпып, бүкіл мемлекеттерді әбігерге салып жатұан уақытта да бұл әскери клиникалық госпиталь азаматтық денсаулық сақтау мекемелеріне көмек көрсетіп жатыр.

Ылғи да тәжірибесін жаңартып отыратын медициналық мекеменің дәрігерлері диагностикалау мен емдеудің әр түрлі озық әдістерін ммеңгеруге тырысады. Қазақстандық мамандар елімізде ғана емес, Германия, Ресей, АҚШ және Түркия секілді елдерде даярлықтан өтіп тұрады. Бұл өз кезегінде тек аталмыш мекеменің ғана емес, жалпы Қазақстанның медицинасын дамытуға септігін тигізеді деп есептеуге болады.

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!