Адал еңбегімен нәтижеге жеткен жан

Malim Админ

  • 14.02.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде қарапайым еңбек адамына үнемі құрметпен қарауымыз керектігін атап көрсеткен болатын. Расында да күнделікті табысы көңіл көншітпесе де тіршілік тынысымен біте қайнаған ісінен бас тартпайтын адал жандар арамызда аз емес.

Таңмен таласа тұрып қала көшелеріндегі тазалықтың сақталуына жауапты коммуналдық сала қызметкері Әділғазы Сұлтанмұратов арнайы техникасымен Қызылорда қаласының өзіне бекітіліп берілген 70 нүктесіндегі қоқыс жәшіктерін босатуға белсене кіріседі. «Қызылорда тазалық» мекемесінде он жыл бойы еңбек етіп келе жатқан азамат жұмысын алғашында қолына күрек, сыпыртқы алып көше тазалаудан бастаса да мойыған жоқ. Қайта ісіне жауапкершілікпен қарап, міндетін адал атқарды. Қайсар болмыс, жайсаң мінезімен айналасына қадірлі Әділғазы жақында осы саланың арнайы техникасын жүргізуге көшті. Бұрынғымен салыстырғанда жұмысы жеңілдегеніне қуанған жігерлі азамат адал еңбегінің жемісін көріп жүргеніне дән риза. Ол ең алдымен туып-өскен қаласының тазалығына жауапкершілікпен қарап, әлі де тынбай еңбек ете беруге дайын. Күніне 20 тоннаға жуық қоқыс шығаратын еңбек иесі қала тұрғындарының тазалыққа мұқият қарайтынын да үнемі байқап жүр. Ол үшін күнделікті жұмысының бастысы – жұрт тіршілігін бастаған сәтте қала көшелерінің мұнтаздай таза болуы.     

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін