Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайды

Түркістан өңірі, Келес ауданының белсенді жасы ретінде еліміздегі заң өзгерістеріне бей-жай қарамай атсалысқанды жөн көріп, ел тарихындағы елеулі оқиғаға белсенді қатысу әрбір азаматтың борышы екенін түсініп, референдумның өтуіне белсенді қызмет еттім. Референдумды өткізудегі мақсат – референдумның мәні мен маңызын түсіндіру, халықты кеңінен ақпараттандыру.
Түркістан облысында бұл саяси науқанға елдің қызығушылығы жоғары болды. Бұл түсіндіру жұмыстарының нәтижесі деп білемін. Қоғамдық штаб құрылып, 1500-ден астам кездесу өткізілді. Ауылдарда түсіндіру жұмыстары тоқтаусыз жүрді. Нәтижесінде Түркістан облысындағы сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум нәтижесінде билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыруға, мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашуға мүмкіндік туғанын және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайғанын айтты.
Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасы аясында ауқымды істер атқарылуда. Шетелден капитал елге қайарыла бастады. Арнайы мекеме құрылды. Отандастарымыз өзгерістерге сенім артты. Президент сайлауы, Сенат пен Мәжіліс сайлауы, әкімдер сайлауы өтті. Азаматтардың саяси өмірге араласуына еркіндік берілді. Бірінші рет партиялармен бірге өзге де үміткерлер бір мандатты округ бойынша өзін-өзі депутаттыққа ұсынды. Саяси науқанға әйелдер де қатысып, әділетті қоғамда "әлеуметтік лифт" қалыптасқанын көрсетті. Жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүмкіндік молайды. Қазақстан парламентаризмі жаңа механизмге көшті. Депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі арттырылып, ел мүддесі үшін белсенді қызмет етуге міндеттелді. Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да өзгерістер болды. Мажоритарлық жүйе енгізілді. Жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізілді. Осы өзгерістер жаңа тұлғаларға саясатқа жол ашты. Реформалар Қазақстанды жаңа бағытқа жетелейді. Президентіміздің Жаңа Қазақстанды құрамыз деген бастамасы осы заңдағы өзгерістерден басталмақ. Былтырғы толықтырулар мен өзгерістер де қазақ халқы үшін өте ауқымды әрі маңызды шара болды деп есептеймін.
Нариман Марқабай,
белсенді жас,
Түркістан облысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.