Әкім 160 миллиондық аялдамаларды неге аяп отыр?

Берік Жанатханұлы

  • 25.11.2020

Талдықорғанда 160 миллионға салынған смарт аялдамалардың есігі жабық. Дастан ШАЛТАБАЕВТАН естелік болып қалған қымбат аялдамалар адам қолы тиюге болмайтын музей экспонатына айналған ба дерсіз. Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ супер аялдамаларды жұртшылықтан неге аяп отыр екен?

«Аялдаманы неменеге қояды? Егер онысы ашық болмаса. Қазір індет тарап жатыр. Адамдарк ерісінше суықтап қалмау керек қой. Вирус жұғады дейді. Вирус жолаушылар сығылысып отырған автобуста да жұғады. Автобус ішінде ара қашықтық істап ешкім отырмайды ғой. Сонда неге аялдаманы ашпайды екен. Логикалары қызық», - дейді  талдықорғандық тұрғын  Күлән ЕРЖАНОВА.

2018 жылы жаңа заманауи аялдамалар қойылған болатын. Біреуінің құны 8,5 млн теңге құраса, 22 аялдамаға 160 млн теңге кеткен. Қыста жылы, жазда салқын болады деген аялдамаларға кіру енді арман болып тұр.Көктемде карантинге орай жабылған аялдамалар қарашаның суығында да есіктерін ашпай тұр.

«Мен кезекші сыныпта білім аламын. Кешке қосымшаға барамын. Сол кезде үйге қайтқанда далада автобус күтіп тоңамын. Тезірек аялдамаларды ашса жақсы болар еді», - дейді  оқушы Ильдара БОЛАТҚЫЗЫ.  

Әкімдіктегілер аялдамаларды санитарлық дәрігерлер ашқызбай отыр дейді. Ал СЭС мамандары ондай қаулы жоқтығын айтады.

«Аялдамалардың жұмыс істеуіне, ашылуына рұқсат берілген. Және оған тыйым салынсын деген ешқандай қаулыда көрсетілмеген. Сондықтан, әрі қарай смарт аялдамалардың ұмыс істеуі жергілікті әкімшіліктің құзыретінде», - дейді Талдықорған қалалаық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен МЕЛДЕБАЕВ.

«Қаулыда енді жабыңдар деген сөз жоқ. Адамдар бір-біріне жақын тұрмасын дегенбіз. Сондай-ақ, смарт аялдамалар жабық қой. Елдің қауіпсіздігі үшін содан жауып тастағанбыз. Күн суытқанда ашамыз деп ойлағанбыз. Қазір ашамыз», - деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбақыт АЛТЫНБЕКОВ.

Осылайша, әлеуметтік желіде талқыға түсіп, мәселеге тілшілер араласқаннан кейін ғана смарт аялдамалардың жұмысы жанданды. Енді, жауаптылар онда жиі тазалық жүргізіп, санитарлық талаптарды сақтауы керек. Өйткені, бұл нысандардың жылдық күтіміне 5 жарым млн теңгедей қаржы бөлінген.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін