Әкім Әбдраймовтың 500 мыңдық орындықтары

Олжас Қасым

  • 15.07.2020

Талдықорған қаласының шенеуніктері халықшыл екен. Бұл шын сөзіміз. Көше мен бақтарда серуендеген  жұрт жайлы орындыққа отыру керек қой. Сол үшін жетісулық әкім-қаралар қоғамдық орындағы бір орындықты 523 мың 513 теңге орнатпақшы. Өз үйінде бұндай қымбат орындыққа отырмайтын қарапайым жұртқа бұл дегеніңіз қымбат тарту емей немене? Қазір халыққа қымбат жиһаз алу былай тұрсын, тамақ алудың өзі мұң. Карантин кезінде үкімет берем деп отырған 42 500 мың теңгені талғажау етуге дайын отыр. Алайда, коронавирус індеті кеткен соң тысқа шыққан халық Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВТЫҢ қымбат орындықтарына отырар.

Айтпақшы, талдықорғандық шенеуніктердің бұдан да басқа тұрғындарға арнаған бағалы сыйлықтары бар. Енді рет ретімен. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулар сайтына «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тендер жариялады. Жалпы соммасы – 1 280 148 094.00. Яғни бір млрд теңгеден аса қаражат. Бұл қыруар ақша Талдықорғандағы Қаратал шағын ауданының солтүстік-батыс аумағындағы ғимараттарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын абаттандыру мен қасбеттерін реконструкциялау үшін кетпек. Бір қызығы, аталған аумақты көріктендіру жұмысы осыдан бірер жыл бұрын ғана жасалған.

Алайда, суын ішуге болатын 5 фонтан, ( бір талының құны 500 мың теңге) 6 велотұрақ, (бір талының құны 400 мың теңге) жақтауы бар 164 орындық, (бір талының құны 523 513 теңге) 27 жақтаусыз орындық, (бір талының құны 335 890 теңге) 125 қоқыс жәшігін, (бір талының құны 148 251 теңге) 12 гүл отырғызатын қыш құмыра (бір талының құны 295 534 теңге)  орнатпақшы.

Шенеуніктердің Талдықорған халқы мен қала қонақтарына бұдан да басқа сюрприздері бар. Оны мемлекеттік сатып алулары  сайтынанан көрулеріне болады. Сонымен жақтауы бар мрамор мен ағаштан жасалынған 161 орындыққа халықтың салығынан түскен 94 285 464 теңге кетпекші.

Барлық мекемелер жабылып, қоғамдық орындарға да шектеу қойылып, халық өзін-өзі оқшаулап жатқанда бұл миллиардтық жобаны шенеуніктер ертеңгі күнді ойлап ел игілігі үшін жасап жатқан шығар деп бағамдадық. Төрт қабырғаға қамалып шыққан халық тысқа шыққанда жарты миллиондық орындықтарға шірене отырып, шылымының тұқылын  148 мың теңге тұратын қоқыс жәшігіне тастап жіберетін болады ғой. Бірақ сол күнге барлық қала тұрғыны жетсе дейсің.

Талдықорған қаласындағы қабір күтушісі Сандуғаш ДҮЙСЕНОВА соңғы уақыттарда адам өлімінің жиілеп кеткенін мәлімдеген еді. Тіпті, қабір қазушылар үлгере алмай жатқанын да айтқанды-ды. Ол жайлы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі Берік ЖАНАТХАНҰЛЫ «Еріктілер болмаса, қабір қазып үлгере алмай жатырмыз»  деген материал жариялаған.

Коллаж: МӘЛІМ КЗ

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.