Әкім Сақтағановтың салғырттығы
Семей қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанына үш айды артта қалдырған Нұрымбет Сақтағановтың әлі күнге дейін мұрнына су жетпей жүр. Обалы қане, қаланың «свежи» басшысы Семейдің барлық аймақ-аудандарында болып, жұртпен кездесіп жатса да не «қиратып», не ширатып жатқан ісі көзге шалынатын емес. Оның бір жағы нақты командасын дұрыс қалыптастыра алмаудан шықса, екіншісі өзінің қалада бар екендігін таныта алатын, айтуға тұратын істерін әлеуметтік желіде болсын, дұрыс көрсете алмауынан шығады.
Шындығы керек, 2018 жылдың күзінде Семей төрінде Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші қойылып, соған облыс әкімінің сол кездегі идеология жөніндегі орынбасары ретінде келген Нұрымбет Аманұлы шешендігімен, қағазға қарап кібіртіктеп тұрмайтындығымен көзге түскен болатын. Уақыт өтті, бірнеше жыл Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарды. Бірақ, семейліктер көңілінде Сақтағановтың сол бейнесі бүгінге дейін сүйкімін жоғалтқан жоқ еді.
Ал жыл басынан ауғанда қала басшылығына тағайындалған Н. Сақтағанов сол кездегі идеологиялық қырғылығына сызат түсіріп алған жайы бар. Апта ішінде күн сайын қаланың қай түкпірінен табылғандығын әлеуметтік желіде әйгілеп жүретін «әйдік» әкім кейбір көше атауларының ерсі көрінетініне салғырт қарап жүрген сыңайлы.
Соның бір ғана нақты көрінісін қала орталығындағы Алаштың ардақты жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың атына берілген көшенің қарсы бетіндегі тақтайшадан Шмидттаның, енді бірде Достоевский, тіпті бірде «көше Аймауытованың» кездесетіні... Демек, қала көшелерінің нақты атаулары тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдың жүзі болса да әлі күнге өз жөнін дұрыс қалыптастыра алмағаны көрініп тұр. Шын мәнінде бұл қала әкімі Нұрымбет Сақтағановтың емес, оның әлеуметтік және идеологиялық жөніндегі орынбасары Айдар Садырбаевтың салғырттығы, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожинаның дәрменсіздігі деген жөн шығар.
Ал, жақында облыстық тілдерді дамыту басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, 2021 жылы облыс бойынша 90 көше атауы өзгертіліпті. Оның ішінде: идеологиялық тұрғыдан ескірген - 39 көше, тарихи және географиялық атаулар қайтарылғаны - 16, жалпы атаулар берілгені - 35, танымал тұлғалардың есімдері берілгені - 41 көше бар.
«Елді мекендердің, нысандардың, көшелердің және құрамдас бөліктерді қайта атау және оларға атау беру кезінде халықтың этникалық құрамы, жұртшылықтың пікірі ескеріледі және барлық рәсімдер қатаң түрде заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Облыста тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады», - деп нығаралаған болатын аталған басқарма өкілі Толқын Берікбекова.
Сонымен қатар, былтыр облыс бойынша 157 көше, 2 елді мекен және 21 нысанның атауы бұрынғы «тарихи атауымен» қоштасқан. Оның ішінде: идеологиялық тұрғыдан ескірген - 65 көше, тарихи және географиялық атаулар қайтарылғаны - 35, жалпы атаулар берілгені - 57, танымал тұлғалардың есімдері берілгені - 63 көше екен.
Енді, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының бас маманы Айгерім Байжұманованың мәлімдемесіне зер салайық.
«Жалпы, Семей қаласы бойынша, 1000-нан астам көше бар. Ономастика мәселесі бүгінгі күнгі өзекті екені рас. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды халықтың пікірін ескере отырып жүргізу жолға қойылған.
2017-2020 жылдар аралығына қалалық жұмыс тобында қаралған, идеологиялық тұрғыдан ескірген: 1 елді мекен (Знаменка ауылы – Көкентау ауылы) және 13 көше республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде қайта аталды:
2017 жыл |
|
Дальняя көшесі |
Закария Белібаев көшесі |
Интернациональная көшесі |
Қайым Мұхамедханов көшесі |
2018 жыл |
|
Ленин көшесі |
Мәңгілік ел көшесі |
Остров Полковничий |
Бейбітшілік аралы |
Крупская көшесі |
Әзілхан Нұршайықов көшесі |
Строительная көшесі |
Тұрсынғазы Рахимов көшесі |
Комсомольская көшесі |
Жібек жолы көшесі |
Кутузов көшесі |
Ардагерлер көшесі |
Колхозная көшесі |
Берел көшесі |
Социалистическая көшесі |
Самал көшесі |
Декабристов көшесі |
Нұрсая көшесі |
Краснознаменная көшесі |
Баян Байғожина көшесі |
2020 жыл |
|
Цементная көшесі |
Мұратхан Бейсенбаев көшесі |
Көріп отырғанымыздай, өткен жылы Семейде бір ғана көшенің аты жаңартылған. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыруы» қалай жүзеге асып жатқанын осыдан көруге болады. Ал, төмендегі дерекке сүйенсек, "Семей халықаралық әуежайы" ЖШС-іне- Абайдың, № 47 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының, № 37 гимназияға Ы. Алтынсариннің, № 39 мектепке Әлихан Бөкейханның, № 34 мектепке Б. Момышұлының, № 2 мектепке Қ. Сәтбаевтың, «Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілген екен.
Мақаламыздың басында айтқан жай көше атауларынан туындағандықтан, осы Жүсіпбек Аймауытовтың есіміне қайта оралайық. Семейдің басты көшесінің біріне жататын жазушы есімі оның атындағы көшенің етек жағын қайдам, бас жағынан «шіріп жатқандығын» мынадай атаулардан көруге болады: көшенің сол жағы «Ж. Аймауытова,2» болса, оң жағы «Шмидта көшесі, 23» болып айғайлап тұр. Бұл не мазақ сонда?!
Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының бас маманы Айгерім Байжұманованың айтуынша, бұл осы бөлімнің емес, Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің салғырттығынан туған жағдай.
Шын мәнінде көше атауларының тақтаташасын жасап ілумен осы бөлім айналысады. Аймауытов көшесіндегі қателіктер жөнінде қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына екі рет хат жолдағанбыз. Алайда, шыққан нәтиже жоққа тән. Негізі тәртіп бойынша орысша нұсқаны қоса көрсету жоқ. «Жүсіпбек Аймауытов көшесі» ғана болуы тиіс. Бұл мәселеден жаңадан тағайындалған Серғазиннің хабары бар,- дей келіп қазір бұл мәселеге қатысты кім жауап беретінен хабарсыз екендігін айтты.
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін
Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.