Әлия Назарбаева: Қиын кезде мейірім керек
Қазақстанда коронавирустан карантин жарияланған қалаларға түрлі волонтерлар да жәрдемдесіп жатыр. Олардың қатарында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ кіші қызы Әлия НАЗАРБАЕВА да бар.
«Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының шетінде салынған тамақ әзірлейтін комбинат жұмысын бастады. Ол жерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ас әзірленеді. Біз тізімді әкімдіктен аламыз. Бүгін таңертең алғашқы елу адамға тамақ жөнелттік. Санитарлық норманы сақтаған волонтерлар адамдардың үйіне апарып берді. Жиырма үш күннің ішінде 1150 отбасын тамақпен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Осындай қиын кезде мейірімділік танытып, бір-бірімізді қолдау ләзім», - деп жазды Әлия Назарбаева instagram әлеуметтік желісінде.
Коронавирусқа қарсы күреске Әлияның әпкесі Динара НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ 4,5 млрд теңге берген еді. Ресми деректер бойынша Қазақстанда 79 адам қатерлі ауруға шалдыққан. Нұр-Сұлтанда 41 адам, Алматыда 31 адам, Қарағандыда 2 адам, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкен және Жамбыл мен Солтүстік Қазақстанда облыстарында да бір-бір адамнан коронавирусты жұқтырған.
Фото: yandex.ru